Қытайдан тиімді бағамен тауарға тапсырыс берген Абай облысының тұрғындары алаяққа ұрынды

12 Тамыз 2023, 07:29
7209
Бөлісу:
Қытайдан тиімді бағамен тауарға тапсырыс берген Абай облысының тұрғындары алаяққа ұрынды
Фото: архив

Абай облысының тұрғындары Қытайдан тиімді бағамен тауарға тапсырыс береміз деп, алданып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шілде айының соңында Семей полиция басқармасы Орталық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам жүгініп, 22 маусымда WhatsApp мессенджерін пайдаланып, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Күдікті өзінің деректерін жіберіп, тауардың құнын алдын-ала төлеуді талап еткен. Қала тұрғыны алаяқтың айла-амалдарынан сескенбей, сатушының талаптарын орындап, қаражатты бірден аударып жіберген. Екінші рет ақша аударғаннан сатушы байланысқа шықпаған. Жәбірленуші тек біраз уақыттан кейін ғана алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Осыған ұқсас өтініш бойынша полицияға қаланың 30 жастағы тұрғыны да жүгінген. Ол тауарды төмен бағада сатып алмақ болып, 90 мың теңге аударған. Алайда азамат алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Бобровка саяжай массивінің 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1,2-бөлігімен ("Алаяқтық") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, - деді Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Өзгелердің жаңалығы