Қытайдағы жойқын жарылыс: 20-дан астам адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды

Қытайдағы пиротехника зауытында жарылыс болып, 20-дан астам адам қаза тапты.

Бүгiн 2026, 09:30
АВТОР
 pixabay Бүгiн 2026, 09:30
Бүгiн 2026, 09:30
150
Фото: pixabay

Төтенше жағдай Қытайдың Чанша қаласында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуаға сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, 21 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин оқиғаны мұқият зерттеуге шақырды, 

Қайғылы оқиға Хунань провинциясында орын алды. Агенттік деректеріне сүйенсек, билік оқиға орнына 500-ге жуық құтқарушы жіберген.

Жарылғыш-қоспа (порох) дәрі сақталған екі қоймадағы жарылыс қаупіне байланысты адамдар қауіпті аймақтан эвакуацияланды.

Билік қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтап, компания басшылығына қатысты «бақылау шараларын» қолданып жатыр. Оның нақты қандай шаралар екені әзірге жарияланған жоқ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары үш роботты пайдаланды.

Еске салайық, бұған дейін Қытайда биотехнологиялық кәсіпорында жарылыс болды.

Наверх