Қытайдағы жер сілкінісінен 70-ке жуық адам қаза болды

7 Қыркүйек 2022, 10:36
1413
Бөлісу:
Қытайдағы жер сілкінісінен 70-ке жуық адам қаза болды

Қытайдың Сычуань провинциясында орын алған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 66 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сычуань агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Ганьцзы-Тибет автономдық округіндегі Лудин уезіндегі зілзала магнитудасы 6,8-ге жеткен. 

Табиғи апат Ганьцзы-Тибет автономдық округіндегі 38 адам және Яань қаласының 28 тұрғынының өмірін жалмады. 

Төтенше жағдайлар салдарынан 15 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, 253 тұрғын жарақат алған. 

Жерасты дүмпулері жер сілкінісі ошағынан 200 шақырымда орналасқан Чэнду қаласында да байқалған. 

Зілзалаға байланысты Сычуань провинциясында ең жоғары деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы