Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайдағы ең ірі теңіздік мұнай-газ кен орны өндіру көлемі бойынша рекорд орнатты

Бүгiн, 12:49
102
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Сары теңіздегі Бохай шығанағында орналасқан Қытайдың ең ірі теңіздік мұнай-газ кен орны 2025 жылы мұнай мен газ өндіру көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, Қытайдың ұлттық шельфтік мұнай корпорациясы (CNOOC) Бохай мұнай-газ кен орнында 40 млн тонна мұнай мен газ өндірген. Бұл — кен орны игеріле бастағалы бергі ең жоғары нәтиже.

Компания өкілдерінің айтуынша, рекордтық деңгейге жетуге негізгі өндірістік нысандарды тиімді пайдалану, соның ішінде «Кэньли 10-2» және «Бочжун 26-6» кен орындарын қарқынды игеру, сондай-ақ өндірістік үдерістерге цифрлық шешімдер мен зияткерлік технологияларды жедел енгізу ықпал еткен. CNOOC бағалауынша, өндірістің артуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға елеулі үлес қосты.

Бохай мұнай-газ кен орны Қытайдағы ең ірі теңіздік кен орны саналады. Оның аумағында 60-тан астам игеру аймағы мен шамамен 200 өндірістік нысан жұмыс істейді. Кен орнын игеру кезеңінде жалпы өндірілген мұнай мен газ көлемі 600 млн тоннадан асып отыр.

Өзгелердің жаңалығы