Қытайдағы ең ірі ғимараттың бірі өртеніп жатыр

16 Қыркүйек 2022, 17:33
1241
Бөлісу:
Қытайдағы ең ірі ғимараттың бірі өртеніп жатыр
VIDEO

Бүгін Қытайдың Чанша қаласындағы ең ірі China Telecom ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жалын он қабатты шарпып үлгерген. Өрт жергілікті уақыт бойынша 15:30 шамасында басталған. Өрт ғимарат астынан жоғарыға қарай өрлеп келеді.

Оқиға орнына жедел түрде 300-ге жуық өрт сөндіруші мен 36 бірлік арнайы техника келді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер ғимарат бірінші қабатындағы жалынды ауыздықтаған.

Онда 35 тонна серверлік жанармай сақталған, 100-аса адам зардап шегуі мүмкін.

China Telecom ғимараты 2000 жылы салынған және ол кезде қаладағы ең биік ғимарат болатын. 42 қабатты зәулім ғимараттың биіктігі 218 метрге жетеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі белгісіз. 

 

Өзгелердің жаңалығы