Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

21 Наурыз 2022, 14:32
1726
Бөлісу:
Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстігінде жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады. Boeing 737 жолаушылар ұшағы Сhina Eastern компаниясына тиесілі болған деп хабарлады РИА Новости. 

Алдын ала деректерге сәйкес, апат Қытайдың оңтүстік аймағында орын алған. 

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми деректер әзірге жарияланған жоқ. ТЖ туралы ақпараттар нақтыланып жатыр.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортында 133 адам болған.

Ұшақ Куньминнен Гуанчжоуға ұшып бара жатқан. 

Өзгелердің жаңалығы