Қытайда жауған бұршақ көлік әйнектерін шұрқ-тесік етті

24 Сәуір 2024, 21:27
761
Бөлісу:
Қытайда жауған бұршақ көлік әйнектерін шұрқ-тесік етті
Фото: видеодан скрин

Қытайда алманың үлкендігіндей бұршақ жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жүздеген үй, көліктер мен егінге орасан зақым келген. Оқиға Хуаньцзан-Маонань автономдық округінде болды. Төпелеп жауған жауынның арты бұршаққа айналды. Жұдырықтай түйіршік мұздар үйлердің шатырын шұрық тесік етіп, жүздеген көліктердің терезесі қирады. 

Жұрт қыруар шығынға батты. Жауын бірнеше күннен бері жауып тұр. Тоқтайтын түрі жоқ. Мамандар бұлай жалғаса берсе су тасқыны болады деп отыр. Метеорологиялық қызмет апаттың алдын алу үшін бұлттарды жасанды ыдырату шараларын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы