Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайда робот докторантураға қабылданды

2 Тамыз 2025, 16:23
733
Бөлісу:
 x.com/VokabreRobotics
Фото: x.com/VokabreRobotics

Қытайда алғаш рет Xueba 01 (аудармасы – «үздік оқушы») атты адам бейнесіндегі робот драма және кино мамандығы бойынша докторантураға қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Роботты Шанхай ғылым және технология университеті мен DroidUp Robotics компаниясы бірге жасап шығарған. Ол көзілдірік тағып, жейде мен шалбар киген, кәдімгі студент сияқты көрінеді. Қытай тілінде сөйлей алады.

Xueba 01 алдағы төрт жыл бойы докторантурада білім алып, дәстүрлі қытай операсын терең зерттейді. Қазірдің өзінде ол виртуалды студенттік билетке ие. Оның ғылыми жетекшісі – танымал суретші әрі профессор Ян Цинцин.

Профессордың айтуынша, робот актерлік шеберлік, сценарий жазу, сахна безендіру сияқты пәндерді, сондай-ақ техникалық бағыттарды да оқиды. Болашақта ол музейде немесе театрда режиссер болып жұмыс істей алады, тіпті жеке студиясын ашуы да мүмкін.

Айта кетейік, роботтың суреттері мен видеолары әлеуметтік желі X-та тарап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы