Қытайда қазақ киносының апталығы өтті

7 Қараша 2023, 18:10
916
Бөлісу:
Қытайда қазақ киносының апталығы өтті
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі Қазақ киносының апталығын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ашылу рәсіміне ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі, ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР кинематография істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының өкілдері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, байқаушылар және диалог бойынша серіктестердің Қытайдағы елшілері, сондай-ақ Бейжің қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Қытайда қазақ киносының апталығы өтті

«Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды басқарған қазақстандық делегацияның құрамына «Томирис», «Біржан Сал», «Шал», «Оқу іздеген Адемока», «Композитор», «Отансүйгіштер уақыты» фильмдерінің және «Мұзбалақ» мультфильмінің актерлері, режиссерлері мен продюсерлері кірді.

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышев берік саяси диалогқа баса назар аудара отырып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, әсіресе кинематография саласындағы әрекеттесуді одан әрі кеңейтуге үміт білдірді.

Қытайда қазақ киносының апталығы өтті

Кино апталығы аясында тараптар «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Қытай коммуникация университеті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға», «Қазақфильм» АҚ мен «United Family» Шэньчжэнь медиа корпорациясы арасында 2024 жылы Фильмдер мен анимацияларды бірлесіп шығару ниеті туралы меморандумға қол қойды.

Тараптардың алдын ала уағдаластығы бойынша Қытайдың басқа да ірі қалаларында қазақ фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы