Қытайда коронавирустың рекордтық саны тіркелді

24 Қараша 2022, 16:08
1198
Бөлісу:
Қытайда коронавирустың рекордтық саны тіркелді

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте Қытайда коронавирустың 31 656 жағдайды тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сәйкес, соңғы тәулікте жұқтырғандардың 87 пайызы симптомсыз тасымалдаушылар.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 23 қарашада Қытайда COVID-19-дан тағы бір адам қайтыс болып, елдегі коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 5 232-ге жетті. Соңғы күндері Қытайда коронавирустың таралуы айтарлықтай жеделдеді.

Сондай-ақ елдегі мамандандырылған медициналық мекемелерде емделіп жатқан инфекция жұқтырғандардың 90%-дан астамы ауру белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары. Қаңтар айының соңында бұл көрсеткіш шамамен 20%-ды құрады.

Қытайдағы ең қиын эпидемиялық жағдай оңтүстік Гуандун провинциясында, одан кейін Чунцин қаласында және орталық Хэнань провинциясында қалыптасты.

Өзгелердің жаңалығы