Қытайда бір күнде 23 мың адамнан коронавирус анықталды

7 Сәуір 2022, 15:45
1494
Бөлісу:
Қытайда бір күнде 23 мың адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің статистикасына сәйкес, бұл өткен күнге қарағанда 2,5 мыңға көп.

ТАСС деректері бойынша, індет жұқтырғандардың ең көп саны Цзилиннің солтүстік-шығыс провинциясында – 890 және Шанхайда – 322 адам тіркелген.

1 323  адамда COVID-19 белгілері расталды. Оның ішінде 39 адам ҚХР-ға шетелден келген, 1 284 жағдай ел ішінде анықталған, – делінген ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарламамында.

Қалған 21 784 адам – аурудың симптомсыз тасымалдаушылары.

Өзгелердің жаңалығы