Қытайда 5.5G интернет қолданысқа енгізіледі

7 Наурыз 2024, 11:02
387
Бөлісу:
Қытайда 5.5G интернет қолданысқа енгізіледі

Мобильді желі 5G-ден қарағанда 10 есе жылдам, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл жоба алдымен пилотсыз көліктерді басқару жүйесінде қолданылып, сынақтан өтті. Сынақ сәтті жүзеге асқан. Енді оны интеллектуалдық өндіріс саласына енгізу көзделіп отыр. Жаңа мобильді байланыс 5G-А деп те аталады. Мамандар бастапқы тәжірибеде тапсырыс жеткізуге арналған пилотсыз жүретін 100 көлікті желіге қосып көрді. 

Интернеттің аса жылдамдығы қозғалыс қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттырған. Желіні сынау әлі толық аяқталған жоқ. Қазір Бейжіңде тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Көліктер жолда түрлі кедергілерге тап болатын. Көп жағдайда жаяу жүргіншілер, бағдаршамға тоқтаған өзге де көліктер жолды бөгейді. Осы себепті біз 5.5G интернетінің базалық станцияларын жақын етіп орналастыруға мән бердік. Осының арқасында бағдаршам белгілері көлік базасына бірден жетеді. Сынақ күрделі жолдармен жүру кезінде өте ыңғайлы болып шықты, - деді бас сәулетші Цзэн Венда.

Қазір елде 5G интернеттің жылдамдығы жасанды интеллектіні пайдалану, 3Д жобаларды жасау кезінде жеткіліксіз болып отыр. Заманауи технологияның талаптарына толық сай келмейді. Нақтырақ айтсақ, өткізу мүмкіндігі төмен. Әрі электр қуатын шамадан тыс көп тұтынады.

Өзгелердің жаңалығы