Қытай Жерге қауіпті астероидтарды залалсыздандырады

24 Сәуір 2022, 14:02
1587
Бөлісу:
Қытай Жерге қауіпті астероидтарды залалсыздандырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Жерге қауіп төндіретін астероидтарды залалсыздандыру жобасын әзірлеп жатыр және оны таяу жылдары жүзеге асырады. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Қытай ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) басшысының орынбасары У Янхуаның айтуынша, жобаны агенттік жақын арада жүзеге асырады.

Біз 14-ші бесжылдықтың (2021-2025) соңына қарай немесе 2025-2026 жылдары Жерге қауіп төндіретін кез келген астероидты жақын қашықтан бақылау технологияларын сынақтан өткізуге кірісеміз. Олардың көмегімен біз соқтығысты жүзеге асырамыз, нәтижесінде бұл аспан денесі өз орбитасынан жылжиды, - деді CNSA басшысының орынбасары.

Ол жердегі және ғарыштық жүйені құру жоспарланып отырғанын, оның міндеті планетаға әлеуетті қауіп төндіретін кез келген объектілер туралы алдын ала ескертуді қамтамасыз ету екенін айта кетті. Сонымен бірге бұл денелердің Жерге жетуіне жол бермеу үшін технологиялар әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы