Қытай Жердің айналуын баяулатты – NASA ғалымы

3 Мамыр 2025, 11:41
16951
Бөлісу:
Қытай Жердің айналуын баяулатты – NASA ғалымы
Фото: ©️ depositphotos.com/Klodien

NASA-ның Годдард ғарыш ұшу орталығының геофизигі Бенджамин Фонг Чаоның есептеулеріне сәйкес, Қытайдың Янцзы өзенінде салынған «Үш шатқал» гидроэлектр станциясының құрылысы Жердің айналуын баяулатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Үш шатқал» ГЭС-інің құрылысы 2012 жылы аяқталған – бөгеттің ұзындығы 2335 метр, биіктігі 185 метрге жеткен. Су көлемі 40 текше шақырымды құрайтын су қоймасы теңіз деңгейінен 175 метр биіктікте орналасқан, бұл оған елеулі салмақ пен энергия береді.

Ғалымның айтуынша, осынша көлемдегі судың жиналуы Жердің массасының бөліну тәртібін өзгертіп, оның айналуын баяулатуға алып келген. Соның салдарынан тәуліктің ұзақтығы 0,06 микросекундқа артқан, ал планетаның осі шамамен екі сантиметрге ығысқан.

Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл бүкіл Ғалам тарихында үш күннен сәл артық уақытқа тең, – деп түсіндірді Фонг Чао.

Геофизиктің бұл зерттеуі алғаш рет 2024 жылдың қазан айында ғылыми журналдарда жарияланған. Ал ол тәуліктің ұзақтығы артуы мүмкін екенін алғаш рет 2005 жылы, бөгет әлі салынбаған кезде болжаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы