Қытай-Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тағы қайталанды

29 Желтоқсан 2022, 12:55
1099
Бөлісу:
Қытай-Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тағы қайталанды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.5. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 20 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Еске салсақ, 28 желтоқсан күні 23.17-де Қытай мен Қырғызстан аумағында 5 балдық зілзала болып, Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезген болатын.

Өзгелердің жаңалығы