Қытай Қазақстаннан экспортталатын кез келген өнімді тұтынуға дайын – министр

9 Маусым 2023, 11:02
1579
Бөлісу:
Қытай Қазақстаннан экспортталатын кез келген өнімді тұтынуға дайын – министр
Фото: автордан

Бұл туралы Астана халықаралық форумы аясында өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға ҚХР-дан өкілдер қатысып жатыр. Бірқатар келісімшарт пен меморандумға Президенттің Сианьға сапары кезінде қол қойылды. Қазір енді Қытай форумға өңірлік және әлемдік проблемалар тақырыбында пікіралмасу мақсатында қатысып отыр, - деді министр.

Ол Қазақстанның әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Қазір Қытаймен әлеуетіміз өте жоғары. Себебі олардың нарығы пандемиядан кейін ашылды. Қазақстан түрлі бағытта Қытайға тауар экспорттайды, соның ішінде азық-түлік те бар. Сонымен қатар елімізге шикізат және өндіріс саласында елімізге инвестиция келеді. Яғни Қытай Қазақстанға үлкен инвестиция салып отыр, - дейді ведомство басшысы.

Қуантыров елдеріміз арасындағы әлеуетті жалғастыратынымызды айтты.

Айтуынша, Қытай Қазақстанға инвестиция құятын елдер арасында 7-орында тұр.

Себебі Қытайдың Орталық Азиядағы ең үлкен серіктесі – ол Қазақстан. Қытай Қазақстаннан экспортталатын кез келген өнімді тұтынуға дайын. Өйткені Қытайдың нарығы өте үлкен, халық саны 1,5 млрд. Оның үстіне біздің азық-түлігіміз табиғи болғандықтан, оны тұтынғанды жақсы көреді, - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі брифингте.

Өзгелердің жаңалығы