Қытай, Пәкістан және Түркия - Қазақстанға мандариндердің негізгі жеткізушілері

5 Желтоқсан 2023, 22:15
487
Бөлісу:
Қытай, Пәкістан және Түркия - Қазақстанға мандариндердің негізгі жеткізушілері
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - Архив

Цитрус пен экзотикалық жемістерді бәрі бұрыннан жақсы көреді және импорттау мүмкіндіктерінің арқасында біз оларды жыл бойы пайдалана аламыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті дәмді цитрус және экзотикалық жемістердің импортына қатысты қызықты статистикамен бөлісті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында республикаға жалпы салмағы 51 969,9 тонна құны 35 607,2 мың АҚШ долларын құрайтын цитрус және экзотикалық жемістер импортталды (2022 жылдың 10 айында 22 729,2 мың АҚШ долларына 36 087,4 тонна салмағы).

Күнге ұқсайтын, шырынды және хош иісті цитрус жемістері әрқайсымызға бала кезімізден таныс.

Ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстанға құны34 579,8 мың АҚШ долларына салмағы 51 095,4 тонна хош иісті цитрус жемістері әкелінді.

Өткен 2022 жылдың статистикасына сүйенсек, биыл елімізге құны 12 878,0 мың АҚШ долларын құрайтын 15 882,5 тоннаға импортталған цитрус жемістерінің өсімі байқалады.

Мандариндер - жаңа жылдық мерекелердің атрибуты. Нәзік хош иіс сарқылмас қуат пен оптимизм зарядын береді.

Цитрус жемісінің бұл түрі Қазақстанға 2023 жылдың 10 айында құны 30 422,7 мың АҚШ долларын құрайтын салмағы 44 356,7 тонна 
(2022 жылдың 10 айында салмағы 29 965,4 тонна 18 685,4 мың долларға) импортталған. 

Кестеде негізгі жеткізушілер туралы мәліметтер.

Мемлекет

Салмағы, тонна

Құны, мың АҚШ доллары

Қытай 

20 002,1 

17 411,2 

Пәкістан 

17 319,0 

7 230,1 

Түркия 

5 945,9 

4 835,2 

Иран 

326,1 

279,1 

Оңтүстік Африка 

255,0 

206,8 

Аргентина 

136,5 

81,9 

Марокко 

133,9 

173,1 

Египет

109,4 

116,2 

Перу 

83,4 

52,7 

Апельсиндер - барлық цитрус жемістерінің ішіндегі ең танымалдарының бірі.

Ағымдағы жылы бізге салмағы 6 738,7 тонна құны 4 157,1 мың АҚШ долларына апельсиндер жеткізілді (2022 жылдың 10 айында салмағы 
5 681,5 тонна 3 242,7 мың АҚШ доллары).

 Кестеде негізгі жеткізушілер туралы мәліметтер. 

Мемлекет

Салмағы, тонна

Құны, мың АҚШ доллары

Египет 

3 262,6

1 857,5

Иран 

2 281,5

1 426,5

Түркия 

499,0

355,6

Оңтүстік Африка 

456,1

321,2

Қытай 

134,0 

88,0

Испания 

36,8

27,6

Аргентина 

33,8

26,2

Марокко

33,7

41,0

Өзбекстан

1,0 

12,5

Нидерланды

0,2 

1,0

Статистика бойынша 2023 жылдың 10 айында Қазақстанға жеткізілген экзотикалық жемістердің салмағы 874,5 тонна, құны 1 027,4 мың АҚШ доллары (2022 жылдың 10 айында салмағы 440,5 тонна, құны 801,1 мың АҚШ доллары). Биылғы жылы негізгі импорттаушылар (құрма, інжір, ананас, авокадо, манго және т.б.) келесі елдер:

Мемлекет

Салмағы, тонна

Құны, мың АҚШ доллары

Қытай 

812,5 

898,6 

Перу 

19,7 

27,9 

Пәкістан 

19,7 

27,0 

Нидерланды 

3,2 

25,8 

Бразилия 

10,5 

20,8 

Тайланд 

1,4 

10,9 

Сондай-ақ, олар Колумбия, Кот-д'Ивуар, Мексика, Түркиядан жеткізіледі.

Ескертпе: материалдың негізі ретінде Қазақстан Республикасының үшінші елдермен (ЕАЭО құрамына кірмейтін) кедендік статистикасы, декларацияланған кедендік құн негізінде сома, салмағы – нетто пайдаланылды.

Өзгелердің жаңалығы