Қытай мен Орталық Азия елдері мұздықтарды, өзендерді, су тасқындарын және басқа да табиғи процестерді тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін бірлескен спутниктік желіні іске қосуда.
СИНЬХУА хабарлағандай, жоба тоғызыншы «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесі аясында таныстырылды. Бірінші кезеңде орбитаға бес спутникті шығару жоспарланып отыр. Олар тәулік бойы және кез келген ауа райы жағдайында мұздықтардың, өзендердің, көлдердің, ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін қадағалап, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Орталық Азия елдерінің аумағындағы геологиялық өзгерістерді тіркеп отырады.
Жобаны әзірлеумен Шыңжаңның әуе, жер және ғарыш жүйелерін интеграциялау зертханасы айналысуда. Бастама аясында бірнеше цифрлық шешімдер таныстырылып үлгерді. Олардың ішінде:
-
кеңістіктік-уақыттық тілдік модель;
-
қардың еруінен болатын су тасқындарын болжау жүйесі;
-
ауыл шаруашылығын мониторингілеу платформасы;
-
көптілді жасанды интеллект моделі бар.
Спутниктік мәліметтерді өңдеу Шыңжаң халықаралық интеграцияланған есептеу орталығында жүргізіледі.
Алынған ақпарат геологиялық қауіп-қатерлерді, ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің таралуын болжайтын зияткерлік жүйелерді құруға негіз болады. Бұл ақпарат тек Қытайға ғана емес, Орталық Азия елдеріне де қолжетімді болмақ.