Қысқы Паралимпиаданың ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасы стадионнан жүріп өтті

5 Наурыз 2022, 05:16
1614
Бөлісу:
Қысқы Паралимпиаданың ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасы стадионнан жүріп өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасы Бейжіңде "Құс ұясы" ұлттық стадионында 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

XIII қысқы паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының Туын пара шаңғы жарысынан Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шықты.

Ұлттық Паралимпиада құрамасына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин и Денис Петренко. Қазақстан паралимпиадашылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: пара биатлон және пара шаңғы.

 

Өзгелердің жаңалығы