Қысқы Азия ойындары: Еліміздің туын кімдер ұстап шығады?

Кеше, 12:12
239
Бөлісу:
Қысқы Азия ойындары: Еліміздің туын кімдер ұстап шығады?
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қысқы Азия ойындарында еліміздің туын кімдер ұстап шығатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр Азия ойындарына шығарып салу рәсімін 30 қаңтар күні Астана қаласындағы "Қазақстан" жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізу жоспарланып отырғанын айтты. 

Үміткерлердің арасында жоғары спорттық жетістіктер мен мүмкіндіктерге ие спортшылар қамтылған. Биатлоннан 2023 жылғы қысқы Универсиаданың жүлдегері Александр Мухин және 2019 жылғы Универсиаданың екі дүркін жүлдегері Әсет Дүйсенов, шаңғы жарыстарынан Надежда Степашкина, конькимен жүгіру спортынан Надежда Морозова, Алтай Жәрдембекұлы, сондай-ақ шорт-тректен Азия ойындарының қола жүлдегері Абзал Әжіғалиев және 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Никиша бар, - дейді Мырзабосынов.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың формасына қатысты сұраққа, сондай-ақ спортшылардың діншілдігіне қатысты сұраққа да жауап берді. 

Министр IX қысқы Азия ойындарынан қанша медаль алуымыз мүмкін екеніне болжам жасады.

Өзгелердің жаңалығы