Қыркүйектен бастап алматылық бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылады

1 Маусым 2022, 14:01
1394
Бөлісу:
Қыркүйектен бастап алматылық бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылады
Фото: shymkenttv.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қыркүйектен бастап алматылық бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев «Желмая» жобасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, биыл Балалар жылы аясында Білім министрлігі көптеген жаңалық енгізіп жатыр. БҒМ басшысы орынбасары жаңалықтың барлығы балаларға, ата-аналарға, сондай-ақ балалардың құқығын қорғауға және олардың жағдайын жасауға арналып отыр.

Мысалы, балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні 7 өңір 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтып отыр. Енді қыркүйектен бастап бұл 7 өңірдің қатарына Алматы қаласы да қосылады. Яғни Алматыдағы 1-4 сынып оқушыларына да тегін ыстық тамақ беріледі, - дейді Ғани Бейсембаев.

БҒМ өкілі атап өткендей, бүгінгі күні елордалық бастауыш сынып оқушылары да ыстық тамақпен қамтылған.

Бірақ осы 8 өңірмен тоқтап қалмай, барлық аймақтың 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтуды ойластырып жатырмыз. Маңғыстау қазіргі күні 1-сыныптың оқушыларына ыстық тамақ беруді қолға алды. Ал болашақта барлық өңір осы жұмысты бастайды деп ойлаймын, - деді ол.

Бейсембаевтың айтуына қарағанда, елімізде әлеуметтік осал санаттан шыққан балалардың саны шамамен 500 мың. Оның 70-80%-ы спорттық, ойын-сауық, өнерге, зияткерлік іс-шараларға қатысып отыр.

БҒМ мәліметіне сәйкес республика бойынша 70 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы