Қырғызстанның ҰҚК мемлекеттік комитетінің экс-басшысы Камчыбек Ташиевке сот үкімі шықты

Сонымен бірге сот нақты бас бостандығынан айыру жазасын үш жылдық пробациялық бақылаумен алмастырды. Сондықтан сотталғандар түрмеге жіберілмейді.

 Камчыбек Ташиев / instagram.com/gknb.official Бүгiн 2026, 06:45
Бүгiн 2026, 06:45
219
Фото: Камчыбек Ташиев / instagram.com/gknb.official

Қырғызстан астанасы Бішкекте 2 шілде күні Первомай аудандық соты елде кеңінен талқыланған «75-тің хаты» ісі бойынша үкім шығарды. Іс бойынша бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Ташиев пен бірнеше депутат және саясаткер сот алдында жауап берді.

Айыпталушылар қатарында Қамшыбек Ташиевтен бөлек, депутат Құрманқұл Зұлушев, Жогорку Кеңештің төрағасы Нұрланбек Тұрғынбек уулу және саясаткерлер Бекболот Талғарбеков, Эмильбек Ұзақбаев, Аалы Қарашев, Құрманбек Дыйқанбаев пен Құрсан Асанов болды.

Сот барлық айыпталушыны қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша ақтады.

Алайда билікті күшпен басып алуға әрекеттену бабы бойынша Ташиев пен істегі өзге тұлғалар кінәлі деп танылып, әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге сот нақты бас бостандығынан айыру жазасын үш жылдық пробациялық бақылаумен алмастырды. Сондықтан сотталғандар түрмеге жіберілмейді.

Сот шешімімен Аалы Қарашев, Бекболот Талғарбеков, Құрманбек Дыйқанбаев, Құрсан Асанов және Эмильбек Ұзақбаев сот залында қамаудан босатылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы барлық айыпталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Бұл қылмыстық іс «75-тің хаты» деп аталған үндеуге байланысты қозғалған. Онда бір топ саясаткер мен қоғам қайраткері Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап еткен болатын. Осы оқиғадан кейін елде кадрлық өзгерістер болып, Қамшыбек Ташиев Министрлер кабинетінің төрағасы орынбасары және ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушылар билікті күшпен басып алуға дайындалды деген күдікке ілінген. Ал Қамшыбек Ташиевке бұдан бөлек қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Наверх