Қырғызстанмен авиациялық құтқару саласындағы келісім ратификацияланды

24 Сәуір 2024, 18:10
276
Бөлісу:
Қырғызстанмен авиациялық құтқару саласындағы келісім ратификацияланды
Фото: Көлік министрлігі

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, бұл келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИKAO) талаптарына сәйкес қабылданды, оны Қазақстан толық көлемде сақтайды.

Келісімнің негізгі міндеттері апатқа ұшыраған әуе кемелерінің немесе апатқа ұшыраған жолаушылары мен экипаждарын іздеу және құтқару үшін өзара ынтымақтастықты нығайту, авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлау, жолаушыларды іздеу және құтқару жөнінде қажетті шаралар қабылдау, іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, Ақпарат және тәжірибе алмасу болып табылады.

Осындай келісімдер Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен де бар.

Сондай-ақ, басқа шекаралас елдермен келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы