Қырғызстанда жер сілкінді

21 Қазан 2024, 05:25
351
Бөлісу:
Қырғызстанда жер сілкінді
Фото: pixabay.com

Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апатты Еуропалық-жерорта теңізі сейсмикалық орталығы тіркеген.

Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23:44-те болды. Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 137 шақырым және Нооката қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 шақырым қашықтықта тіркелді, - делінген ақпаратта. 

Тереңдігі - 10 км. Магнитудасы - 4,6 балл.

Қазіргі сәтке дейін жапа шеккендер туралы мәлімет түспеген. Құтқару қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Өзгелердің жаңалығы