Қырғызстанда сел көшкінінен бірнеше адам қаза тапты

29 Маусым 2024, 00:27
494
Бөлісу:
Қырғызстанда сел көшкінінен бірнеше адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Қырғызстанның Ноокат ауданында сел көшкіні жүріп, салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатқанын жеткізді.

Қатты нөсерден болған сел көшкінінің астында Ноокат ауданында кем дегенде жеті адам көз жұмды, - деп атап өтті елдің төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Сонымен қатар сел астында бірнеше ондаған бірқабатты тұрғын үйлер қалып, екі көпірді су басқаны айтылды. Ош облысындағы ТЖ орнына апат салдарын жою үшін төтенше жағдайлар министрлігінің отряды жіберілді.

Ноокенде ТЖ режимі жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы