Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президентінің «Ала-Арча» резиденциясы аумағындағы «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлады Борт№1 Телеграм каналы.
Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.