Қырғызстанда электронды сигаретке тыйым салынды

Бүгiн, 01:25
102
Бөлісу:
Қырғызстанда электронды сигаретке тыйым салынды
Фото: pixabay.com

Қырғызстанда электронды сигаретке тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ел президенті Садыр Жапаров сәйкес заңға қол қойған.

Заң күшіне 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап енеді. Осы кезеңнен бастап Қырғызстанға құрамында никотин бар сұйықтықтан тұратын электронды сигареттерді әкелуге, сондай-ақ оны ел аумағында сатуға немесе қолдануға тыйым салынады.

Бастама жас ұрпақты табак өнімдерін тұтынудың жағымсыз салдарынан азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған, - делінген ресми мәлімдемеде.

Заңға сәйкесс, ережені бұзғандарға айыппұл салынады.

Еске салайық, Қазақстанда вейпке 2024 жылдың 20 маусымынан тыйым салынған.

Өзгелердің жаңалығы