Қырғызстанда балаларға ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды.
Оқиға Бішкектегі «Ақ-Ордо» тұрғын үйі маңында болған. Ленин аудандық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға жергілікті тұрғын арызданған.
Әйелдің айтуынша, оның 11 жасар қызы мен басқа да балаларға белгісіз ер адам тәттілер таратқан. Кейінірек кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған.
Аталған факті бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында милиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол Н.Д. есімді азамат болып шықты. Ол ұсталып, Бішкек қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер мен тергеу үшін маңызы бар басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, - деп жазылған Бішкек қаласының Ленин аудандық ІІБ баспасөз қызметі.