Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекарадағы қақтығысты талқылады

17 Қыркүйек 2022, 02:17
1550
Бөлісу:
Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекарадағы қақтығысты талқылады

Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Самарқандтағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон тиісті құрылымдарға атысты тоқтатып, күштер мен құралдарды ұрыс алаңынан шығару туралы тапсырма беруге келісті. Екі елдің арнайы қызметінің басшылары оқиға орнында жұмыс істейтін болады, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.

Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмысын жеделдету туралы келісімге қол жеткізілді.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы қақтығыс сәрсенбі, 14 қыркүйекте басталды. Қырғызстан шекара қызметі тәжік әскерилерін ортақ шекараның белгіленбеген учаскесінде позиция ұстанды деп айыптады. Тәжік тарапы өз сарбаздарына себепсіз оқ жаудырғанын алға тартады.

Өзгелердің жаңалығы