Қырғыз-Тәжік шекарасы: Қақтығыс әлі тоқтамайды – халықаралық сарапшы

18 Қыркүйек 2022, 14:04
2343
Бөлісу:
Қырғыз-Тәжік шекарасы: Қақтығыс әлі тоқтамайды – халықаралық сарапшы

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара аймағындағы қақтығыс толастамай тұр. Тараптар екі ел арасындағы ұзақ уақытқа созылған жанжалды әлі де шеше алмай отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық сарапшы Риззат Елубаев бұл мәселенің төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

Халықаралық қатынастарда басты құндылық - жер. Кез келген елдің мемлекеттігі тікелей өзінің территориясына байланысты. Әлемде жиі туындап отырған мәселелердің бірі шекарадағы қақтығыстар. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы даудың басты себебі – тәуелсіздік алған жылдары ел шетіндегі делимитация мәселесінің шешілмеуінде. Бірақ ол кезде шекараны шегендей алмауының өзіндік себептері болды. Мәселен, 90-шы жылдардың басында Тәжікстанда азаматтық соғыс басталып кетті. Ал Қырғызстанда билікті басқару формасына қатысты бірталай өзгеріс болды. Осылайша, шекарадағы келіспеушілік шешілмей, кейінге қала берді, - деді Риззат Елубаев.

Сарапшының айтуынша, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Самарканд қаласында кездесіп, әскери күштерін шекарадан шалғай жерге алып кетуге келіскенімен шындап келгенде бір-біріне есе жібергісі келмейді.

Өзімізде жақсы білеміз. Жақсы жерлердің құндылығы жоғары. Тәжікстанның 93 пайыз жері таулы аймақ болып келеді. Оларға жазық жерлер аса қажет. Сондықтан бар жазықты бергісі келмейтіні анық. Қазіргі таңда ошақ нүктесі Көктас, және Екітас елді мекендері. Өйткені бұл аумақтарда трансшекаралық көлдер мен су көзі бар. Ресурс жиналған аймақта екі ел азаматтары бір-біріне қаруды жиі кезеуге мәжбүр. Шанхай ынтымақтастық саммитінің арқасында Тәжік-Қырғыз Президенттері қару қолданбау  жөнінде келісіп, қол алысты. Алайда, бұл алдағы уақытта қақтығыстардың болмайтынына кепілдік бермейді, - деп саясаттанушы.

Оның атап өтуінше, Қырғызстан мен Тәжікстан шекаралары нақты құжат жүзінде бекітілмесе,  қақтығыс жалғаса бермек?

Еліміз екі елмен тығыз байланыс жасайды. Араларымызда бірқатар келісімшарт бар. Бұл мәселеге Қазақстанның да араласуы да мүмкін. Негізі екі елдің арасындағы дау халықаралық арбритраждық ұйымдар арқылы шешілетін сияқты. Өйткені Қызғызстан мен Тәжікстан бір шешімге келе алмай отыр. Сол себепті жеке мемлекеттер тартылуы мүмкін.  Сонымен бірге Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының механизмі арқылы шешімін табуда әбден ықтимал, - деді Елубаев. 

Өзгелердің жаңалығы