Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетілді

29 Ақпан 2024, 21:05
454
Бөлісу:
Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетілді
Фото: BAQ.KZ - архив

Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғыз Республикасына Бішкек ЖЭО-дағы апатын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.

28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді.

Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы