Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұзақ мерзімге сотталды

3 Маусым 2025, 22:49
754
Бөлісу:
 www.instagram.com/p/CWwv8pSKS5V/?hl=ru
Фото: www.instagram.com/p/CWwv8pSKS5V/?hl=ru

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Бүгін Бішкектің Бірінші май аудандық сотында бірнеше қылмыстық іс, соның ішінде бес жылға созылған Қой-Таш оқиғасы бойынша сот процесі жалғасты.

Кеңесу бөлмесінен оралған судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 3 айға соттауға үкім шығарды. Оның мүлкі тәркіленеді, мемлекеттік наградаларынан айырылады.

Сондай-ақ Атамбаевтың серіктестеріне де үкім шықты:

  • Фарид Ниязов – 7 жыл 8 ай;
  • Равшан Жээнбеков – 7 жыл 8 ай;
  • Атамбаевтың бұрынғы оққағары Қанат Сағымбаев – 7 жыл 6 ай. Бірақ бас бостандығынан айырудан 5 жылға пробациялық бақылауға жіберілді;
  • Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Абдылда Суранчиев – ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды;
  • Нарын облысы губернаторының бұрынғы орынбасары Исабек Әбдіғазиев – ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды.

Бұлардан бөлек, тағы бірнеше адам сотталды.

Айта кетейік, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясын шабуылмен алуға тырысқан болатын. Келесі күні арнайы жасақ Атамбаевты резиденциясынан алып шықты.

Өзгелердің жаңалығы