Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

30 Қаңтар 2024, 12:01
1426
Бөлісу:
Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады
PHOTO
Фото: автордан

Соңғы жылдары елімізде шипажайларда демалу, емделу танымал болып келеді. Шипажайда тек күнделікті күйбең тіршіліктен қол босап қана қоймай, денсаулықты да жақсартып алуға болады. Бурабай ұлттық паркінде орналасқан “Оқжетпес” шипажайы ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы келушілердің ағзасын сауықтырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Яков Стерлигов шипажайда қандай ем-дом көрсетілетіні жайлы айтып берді.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

60 жылдық тарихы бар шипажай

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің тарихы 1964 жылдан бастау алады. Қазақстанның інжу маржанында орналасқан кешен - елдегі ең байырғы шипайжайлардың бірі.

Кеңес заманының сәулет стилімен салынған, бөлмелері үш қана қабатты құраған ғимарат қазір заманауи бағытқа өзгерген. Бұл кешен Орталық Азиядағы European Quality Award сертификатын алған алғашқы шипажай. Жылына мұнда 10 мыңнан астам емделуші келіп, ем алады. Биыл іргетасы қаланғанына 60 жыл, елге қызмет көрсетіп бастағанына 58 жыл.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Қандай ем алуға болады?

Шипажайда 13 емдеу-сауықтыру бағдарламасы бар. Шипажайда демалушыларға арналған емдеу курсы 6, 10 және 14 күн. Дәрігер демалушының денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке бағдарлама жасайды, - дейді кешен басшысы.

Емделушілер арасындағы танымал процедуралар:

Шарко душы. Бұл сумен емдеу әдістерінің бірі, жоғары қысымды су ағыны арқылы массаж ретінде жасалады.

Панталы бу саунасы немесе панталы бөшке. Бұл ағзаны жалпы сауықтыруға арналған емшара. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Озокеритті бастырмалар. Озокериттің емдеу әсері жылу және механикалық шарттар арқылы беріледі. Озокерит әсер ету аумағында 4-5 см тереңдікте қысқа мерзімді (5-40 с.) тарту арқылы терінің температурасын 2-3°С жоғарылатады, соның салдарынан тамырлар кеңейіп қан ағысы күшейеді, қабыну жойылады, зат алмасу жақсарады, бұлшық еттер босаңсып, жұмсарады, ауырсыну басылады.

Балшықпен емдеу. Бұл курорттық терапияның ең танымал және өте тиімді әдістерінің бірі. Балпаш көлінің балшықтары құнды химиялық, биологиялық қасиеттерге ие, зат алмасуын қалпына келтіреді, терідегі жүйке ұштарына және жасуша элементтеріне әсер етеді және қабынуға қарсы әсері бар.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Массаж. Шипажайда механикалық және қолмен жасалатын массаждың түрлері бар. Сонымен қатар биоэнергетикалық массаж процедурасы бар.

- 2017 жылдың 27 шілдесінен бастап, ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері “Оқжетпес” брендімен бірыңғай желіге бірігіп, құрамына Бурабай курорттық аймағындағы “Оқжетпес”, Алматы қаласындағы “Almaty Resort” және РФ Ессентуки курорт-қаласындағы “Қазақстан” шипажайы кірді;

- 2006 жылы Андоррда Дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының Бас Ассамблеясымен санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының арасында белсенді ғылыми жұмыстары үшін “Оқжетпес” ЕСК-не “Әлемдегі ең үздік курорт” марапаты табыс етілді;

- 2011 жылы орталық меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсету – радонды терапияны енгізді;

- 2012 жылы мамырда Лондонда (Ұлыбритания) Британ институты директорларының шешімімен емдеу-сауықтыру кешені “Еуропалық сапа” халықаралық марапатына ие болды;

- 2019 жылы “Үздік шипажай” марапатына ие болып, Қазақстан шипажайлары арасында алғаш EuroSpa сертификатына ие болған кешен бүгінде 13 оңалту бағдарламасы мен түрлі бағытта жұмыс істеп келеді;

- “Оқжетпесте” халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджментінің жүйесі бар. 201”санатына сәйкестік сертификатын алды.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Халық медицинасы: ХХІ ғасырдағы емдеу тәсілі

Үш шипажайда да Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасы іске асқан. Оның басты мақсаты - қазақ халқының бай мәдениетінің элементтерін, оның дәстүрлерін сервиске, тамақ мәзіріне, залдар мен бөлмелерді безендіруге енгізу. Мысалы, әр бөлме ұлттық стильде безендірілген, ауылды еске салатын сенсорлық бөлме (релаксация бөлмесі) де бар. Әсіресе бұл бағдарлама ас мәзіріне белсенді енді, - дейді Яков Стерлигов.

Оның сөзінше, ұмыт болып бара жатқан қазақ халқының тағамдары емделушілерге беріледі.

Әр бейсенбі бізде жеті нан, ыстық бауырсақ беріледі, қазақ халқының ұмыт болған тағамдарын жаңғырту мақсатында ұлттық тағамдар жиі беріледі. Ал филиалымыз “Amaty resort” шипажайында ұлттық тағамдар күні енгізілген. Жұма күндері таңғы астан бастап, ұлттық тағамдар дайындалады: ет, кеспе, қуырдақ, бауырсақ, сондай-ақ дәмді десерттер, мысалы, майсөк және басқалары. Сонымен қатар сәрсенбіде біз өзбек және итальян асханасының тағамдарын әзірлейміз. Жалпы бізде күн сайын мәзір өзгереді және олар бір-біріне ұқсамайды, қайталанбайды, - деп айтты шипажай басшысы.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Қымыз терапиясы қалай қолданылады?

Біздің емдеу-сауықтыру кешенінде төрт мезгіл тамақтану режимі, сондай-ақ қымыз қабылдау рәсімі ұйымдастырылған. 20 жылдан астам уақыттан бері қымыз терапиясын кеңінен қолданамыз. Күнделікті бір мезгіл қымыс беріледі, - деп айтты Яков Стерлигов.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Медициналық көрсеткіштер бойынша жиі тамақтануды қажет ететін қонақтар үшін дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тамақтану белгіленеді немесе жеке тамақтану тәртібі тағайындалады.

Қонақтарға ыңғайлы болуы үшін өз таңдауы арқылы келесі күнге алдын ала тапсырыс беру жүйесі бар.

Тамақтану жиілігі емдік кезеңге және диетолог тағайындаған диетаға байланысты 4, 4 немесе 6 рет болуы мүмкін.

Тамақтану тұру құнына кіреді, ал мәзір әртүрлі және оны өзіңіз таңдай аласыз.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Тегін жолдама беріле ме?

Алматыдағы шипажайымыз Міндетті медициналық сақтандыру қорымен серіктескен. Емханалар бөлетін квоталар арқылы учаскелік дәрігердің берген ем-домы бойынша Алматыдағы шипажайға тегін жолдама алуға болады. Оны қалай алады? Ол үшін алдымен учаскелік дәрігерге барып, шипажайға жолдама бойынша ақпарат алу қажет. “Оқжетпес” шипажайы орманда орналасқандықтан бұл жобаға қатыса алмайды. Өйткені шипажайдың маңында емхана болуы керек. Сол себепті оған қатысуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен “Оқжетпесте” жеңілдіктер жиі болып тұрады. Мысалы, демалыс турына үнемі жеңілдіктер болады. Акцияға қатысушы демалушыларымыз 15 пайыз жеңілдік алады. Сондай-ақ маусымдық жеңілдіктер де болып тұрады, - деп түсіндірді Яков Стерлигов.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Яков Стерлиговтің айтуынша, “Оқжетпес” - балаларды сауықтыруға емес, негізінен ересектерді сауықтырып, денсаулықтарын жақсартуға арналған шипажай.

Яғни міндетіміз балаларды емдеуге бағытталмаған. Бірақ кейбір ата-аналар өздерімен бірге балаларын да ертіп келеді. Алайда бізде балаларды емдеуге арналған хаттама жоқ. Бірақ біз балаларға да жағдай жасауға тырысамыз. Мысалы, тұз шахтасы, бассейн, хамам, әртүрлі ингаляция, емдік ауа, аниматорлар жұмыс істейтін балалар бөлмесі, балаларға арналған залы бар кітапхана, балалар ас мәзірі, - дейді ол.

Қымыз терапиясы, ыстық бауырсақ, балшықпен емдеу: Шипажайда қандай ем алуға болады

Сонымен қатар шипажайдың медициналық персоналдары өте тәжірибелі мамандар. Шипажайда ұзақ жылдар бойы емханаларда жұмыс істеген дәрігерлер жұмыс істейді.

Шипажайдың дерегінше, ем алуға Астанадан, Атырау облысынан, Қарағанды және Алматы қалаларынан көп келеді.

Өзгелердің жаңалығы