Қылмыстық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру мәселесі талқыланды

24 Мамыр 2024, 19:07
1765
Бөлісу:
Қылмыстық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру мәселесі талқыланды
PHOTO
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бүгін ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Сенатта Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің он жылға жуық қолданыс тәжірибесін талқылауға, заңнамадағы бар проблемаларды анықтауға және оны жетілдіру жолдарын қарастыруға арналды.

Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен атап өткендей, Қылмыстық кодекс қабылданған кезден бергі аралықта бірқатар өзгерістерге ұшырады. Қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды.

Қылмыстық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру мәселесі талқыланды

Қазіргі таңда Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауында Қылмыстық кодексті, Қылмыстық-процестік кодексті және Қылмыстық-атқару кодексті оңтайландыру туралы заң жобасы бар. Үкімет, депутаттар мен сарапшылар белсенді талқылайтын жеткілікті түзетулер кешенін даярлады, - деді Л.Сүлеймен.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қылмыстық заңнаманы оңтайландыру қазіргі талаптарға сәйкестігін және оның өзгерістеріне уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету үшін криминология, сот практикасы және халықаралық стандарттар саласындағы зерттеулерді талдауға негізделуі тиіс екенін атап өтті. Бұл заңсыз айыптаулардың санын қысқартуға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды неғұрлым әділ әрі тиімді жаза тағайындауға жол ашады.

Қылмыстық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру мәселесі талқыланды

Сарапшылар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тұрақтылығына бағытталған тетіктерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Мәселен, елді алаңдатқан қылмыстардан кейін жазаны қатаңдатуға қойылатын талаптарды ескеру маңызды. Дегенмен, кей жағдайларда заң талабын қатаңдатуды сарапшылар тиімсіз деп таниды, өйткені бұл өркениетті қоғамның стандарттарына сәйкес келмейтін заңнаманың репрессивтілігінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Оның орнына қылмыстың алдын алуға және сотталғандарды оңалту бағдарламаларын жақсартуға назар аударған жөн.

Қылмыстық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру мәселесі талқыланды

Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты Советбек Медебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан, Конституциялық соттың мүшесі Еран Сәрсембаев, сондай-ақ ғалымдар, адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы