Қылмыстың вирусын өлтіретін бірден-бір амал көркем әдебиет – Қабдеш Жұмаділов

9 Қаңтар 2020, 14:05
3302
Бөлісу:
Қылмыстың вирусын өлтіретін бірден-бір амал көркем әдебиет – Қабдеш Жұмаділов
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір қылмыс көп, адамдар қатыгез болып кетті дейміз. Оның алдын алатын нәрсе - көркем әдебиет. Егер Абайды, Мағжанды, Қасымды, Мұқағалиді, Қадірді сүйіп оқыған адам қылмысқа бармайды. 

IMG_20200109_102738.jpg

Бұл туралы Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов "Атамұра" корпорациясының Ұлттық кітапханаға мың кітап табыстау рәсімінде айтты.

Танымал жазушы жиын барысында "егер халық көркем шығармаларды көп оқыса, бүгінгідей елде қылмыс көп болмас еді" деген ойын білдірді.

IMG_20200109_104822.jpg

Қазір қылмыс көп, адамдар қатыгез болып кетті дейміз. Оның алдын алатын нәрсе көркем әдебиет. Егер Абайды, Мағжанды, Қасымды, Мұқағалиді, Қадірді сүйіп оқыған адам қылмысқа бармайды. Мына отырған Дулат Исабековті оқыған адам ертеңінде қылмысқа барады деп ойламаймын. Осыны біздің идеологиямен айналысатындар ескере бермейді. Қылмыстың вирусын өлтіретін бірден бір амал - көркем әдебиет. Осындай шығармаларды кеңінен басып, таратып жатқан  "Атамұра" баспасына мың алғыс. Бүгін баспа кітапханаға мың кітап беріп отыр, осыны насихаттап, жалғастыра беру керек, - деді Қабдеш Жұмаділов.  

IMG_20200109_113430.jpg

Сондай-ақ, ол бұл кітаптардың барлығы құнды екенін, оны қарапайым оқырманның сатып алуға қалтасы көтере бермейтінін жеткізді.

Осындай бағалы кітаптарды халық тегін пайдаланатын Ұлттық кітапханаға өткізу баспаның білерлігі. Осы үрдісті басқа баспаларға да үлгі ету керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы