Қыдырәлі: Журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек

3 Қыркүйек 2022, 13:13
1273
Бөлісу:
Қыдырәлі: Журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек

Журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек. Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрге журналистер арасында кеңінен талқыланып жүрген БАҚ туралы заңға қатысты сұрақ қойылды.

Заң бүгінгі таңда дейін талқыланып келді. Заңнамадағы нақты мәселелерді жұмыс тобымен бірге қарастыратын боламын. Содан кейін сіздерге ақпаратты жария ететін боламыз. Қазір мен жұмысыма енді кірістім. Журналистер азаматтық қоғамның негізгі тірегінің бірі. Сондықтан журналистердің мәселесін жақсы білемін. Олардың жалақы мәселесі, әлеуметтік мәселелері бар. Олармен жеке әрі жіті танысқаннан кейін сіздермен тағы талқылайтын боламыз, - деп түсіндірді Ақпарат министрі.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, журналистердің әлеуметтік мәртебесінен гөрі құқықтық мәртебесін қарастыру керек. 

Өзгелердің жаңалығы