Құтқарушыларға тәтті ұсынып жүрген қыз жұртты сүйсінтті

15 Сәуір 2024, 12:15
289
Бөлісу:
Құтқарушыларға тәтті  ұсынып жүрген қыз жұртты сүйсінтті
VIDEO
Фото: скрин

Қазнетте құтқарушыларға кішкентай қыз печенье мен кәмпит таратып жүрген видео тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видео соңғы күндері үлкен су басып жатқан Петропавлда түсірілген екен. Бейне екі күнде 1,5 миллионнан астам қаралым, 70 мыңнан астам лайкжинап, 1500 пікір қалдырған екен.

Желі қолданушылары "Бәрекелді! Кішкентай болса да өз үлесін қосып жүр, ағаларын қуантып", "Кішкентай періште қызым, Аллам аман қылсын, ер азаматтарым мен ұлтымның қаршадай балапандарын, Аллам қорған болшы", "Балапаным сол, мұрны қызарып тұрса да, тәттісімен бөлісіп жүр, тіл көзден аман бола гой", "Балапаным сол, мұрны қызарып тұрса да, тәттісімен бөлісіп жүр, тіл көзден аман бола гой" деген пікір қалдырған екен.

Өзгелердің жаңалығы