Құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін өтеп беру ұсынылды

8 Желтоқсан 2023, 15:58
559
Бөлісу:
Құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін өтеп беру ұсынылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өткен парламенттік тыңдауда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы денсаулық пен өмірге қауіпті, жоғары психологиялық және ағзаға ауыр күш сала отырып орындалатыны белгілі. Министрліктің күштері мен құралдары әрдайым, тұрақты сұранысқа ие және тәулік бойы жауынгерлік әзірлікте болады. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың жеткіліксіздігі, оның ішінде жалақының төмендігі, тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тетігінің болмауы, сауатты да, кәсіби мамандардың жұмысқа келмеуі мен тұрақтамауының негізгі себебі болып отыр, - деді министр.

Шәріпхановтың сөзінше, 2023-2024 жылдарға азаматтық қорғау органдарының лимиті республикалық бюджеттен 28,3 млрд теңге бөлініп, 1 734-ке ұлғайтылды.

Қазір мүдделі мемлекеттік органдар 2025-2026 жылдарға штат санын 1 493 көлемінде кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр, ол 55 млрд теңгені құрайды, - деп түсіндірді ол.

Мемлекет басшысының құтқарушылардың мәртебесін арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында:

- мамандарды қызмет бабында ауыстыру және ілгерілету кезінде көтерме жәрдемақы, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайлардағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуді;

- бюджет қаражаты есебінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен қызметкерлерге шипажайлық-курорттық емдеуді;

- арнайы атақтар берілмеген құтқарушыларға еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеуді;

- арнаулы атақтары бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы