Құтқарушылар СҚО-дағы Заречный кентіндегі бөгетті нығайтып жатыр

10 Сәуір 2024, 12:33
212
Бөлісу:
Құтқарушылар СҚО-дағы Заречный кентіндегі бөгетті нығайтып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СҚО-да су тасқынымен күресуді жалғастыруда. Құтқарушылар Заречный кентіндегі бөгетті нығайтып жатыр. Осы уақытта 5000-нан астам дана қаптар дайындалды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі.

СҚО-ның жергілікті атқарушы органдарымен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары аулаларды аралаумен, тұрғындарды хабардар етумен және эвакуациялаумен айналысады. Қызметкерлер үй жануарларын да эвакуациялап, кейін оларды ветеринарлық қызметке тапсырады. Солтүстік Қазақстан облысында Павлодар облысы ТЖД барлығы 53 адам және 10 техникасы жұмыс істеуде, - деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы