Құтқарушылар көлікке қысылып қалған үш адамды аман алып қалды

21 Қаңтар 2024, 22:53
429
Бөлісу:
Құтқарушылар көлікке қысылып қалған үш адамды аман алып қалды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысында құтқарушылар көлікке қысылып қалған үш адамды аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеңіл автокөлікте қысылып қалған үш адамды шығарған.

21 қаңтар таңертең Алматы облысында Ұлан және Жамбыл кенттері арасында екі көлік ЖКО ұшырады. Бір көлікте үш адам қысылып қалды. Бес адамнан тұратын РЖҚЖ құтқарушылары жедел түрде көмекке шықты, - делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен үш зардап шегушіні көлік құрсауынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы