Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Кеген ауданы Саты ауылындағы сел бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Құрметті БАҚ өкілдері! Осы мәселе бойынша бірқатар жарияланымда бұл оқиға өткен тәулікте болғаны жазылмаған. Осыған байланысты қоғамда оқиғаның бүгін болып жатқаны туралы пікір қалыптасты. Кеген ауданының Саты ауылындағы көшелерді су басқаны туралы бүгін тараған фотосуреттер мен видеолар кешегі жағдай екенін атап өткен дұрыс. Бүгінгі таңда аталған елді мекенде жағдай тұрақты, су басып жатқан жоқ» деп мәлім етті департаменттен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 6 шілдеде Саты ауылында сел жүрді.
Нөсер жаңбыр салдарынан Ұлтарақ орталық көшесі бойымен жүріп өткен ағын су жиырма аулаға жайылған.
Қазір су жерге сіңіп кеткен. Су сору жұмысы жүргізілген жоқ. Ешкім зардап шекпеген, ештеңе қирамаған.