Құрылыс жобаларын сараптау саласындағы өзін-өзі реттеу тетіктері қаралды

Құрылыс жобаларын сараптау саласындағы өзін-өзі реттеу тетіктері қаралды
316

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде құрылыс жобаларын сараптау саласында өзін-өзі реттеу тетігінің тәжірибесі мәселелері бойынша «Құрылыс саласындағы сараптама ұйымдарының ұлттық қауымдастығы» өкілдерінің  қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңеске Парламент Мәжілісінің депутаттары Е.Абақанов, С.Ертаев, Е.Өмірғали, «Сараптамалық ұйымдар палатасы» Басқарма төрағасы Б.Ережепов, елордалық және өңірлік сараптамалық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Мәскеу делегациясының сапары шеңберінде қатысушылар сараптама рәсімін бәсекелі ортаға беру, мемлекеттік емес сараптама саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу, мамандарды сараптамалық қорытындылар дайындау құқығына аттестаттау, жобалық құжаттама мен инженерлік сараптамалардың нәтижелері үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.

«Сараптамалық ұйымдар палатасы» Басқарма төрағасы Бірлік Ережепов атап өткендей, бүгінгі таңда Палата құрамында 223 сараптамалық ұйым бар. Министрлікпен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласындағы міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу жөніндегі бірлескен егжей-тегжейлі жоспар бекітілді.

Жобалар сараптамасын бәсекеге қабілетті ортаға беру жөніндегі «Ұлт жоспарының» 47-қадамын іске асыру шеңберінде ИИДМ «Атамекен»  ҰКП-мен бірлесіп құрылыс жобаларын сараптау саласында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша заңнамаға түзетулер әзірленді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы