Құрылыс пен металлургия саласында қандай жаңа мамандықтар бар?

Кеше, 11:30
187
Бөлісу:
Құрылыс пен металлургия саласында қандай жаңа мамандықтар бар?
Фото: primeministr.kz

Өнеркәсіп және құрылыс саласына 40 мыңға жуық маман қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Министрлік құзыретіндегі салаларға 39 мыңнан астам маман қажет. Жаңа мамандықтар атласында министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша тау-кен металлургия саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау-кен техникасының операторы, машина жасау саласында — виртуалды прототиптеу маманы, құрылыста - Big Data сарапшысы, "Ақылды үй" жобалаушысы сияқты 75 жаңа мамандық бар. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам мамандықтың функционалы өзгерді, - дейді Шарлапаев.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, индустрияландыру картасы аясында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы сияқты 8 жаңа мамандық пайда болған.

Айта кетейік, елімізде автокөлік саласындағы сұранысқа ие мамандар дайындалмайтыны туралы осыған дейін айтылды. Осыған қатысты Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялауға арналған жол картасы қабылданды. Үкімет отырысында премьер-министр қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз ету керектігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы