Құрылыс нысандарына бірыңғай нөмірі енгізіледі – Өскенбаев

4 Қазан 2022, 10:53
1032
Бөлісу:
Құрылыс нысандарына бірыңғай нөмірі енгізіледі – Өскенбаев

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы құрылыс нысандарының бірыңғай кадастрлық нөмірі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі елді мекендердің  және жоспарланып отырған дамуы туралы ақпаратты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Бұл жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді, - деді ол Үкімет отырысында.

Жүйенің негізгі міндеттері:

- қала құрылысы кадастры деректерін толтыру және өзектендіру

- халықпен бизнесті инженерлік желілер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету

- инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесін қалыптастыру

Министрдің мәлімдеуінше, қала құрылысы кадастры қала құрылысы қызметінің ашықтығын, құрылыстың жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ол үшін біз объектінің бірегей нөмірін енгізуді пысықтап жатырмыз. Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру нөмірмен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді, адами факторды болдырмай, бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жобалау жоспарларына сәйкес жүйеде эскиздік жобаны келісуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді, - деді Қайырбек Өскенбаев 

Өзгелердің жаңалығы