- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Құрылтайда Жолдауда көзделген капитал нарығын дамыту жолдары сараланды
Құрылтайда Жолдауда көзделген капитал нарығын дамыту жолдары сараланды
Депутаттар еліміздің қаржы секторын дамыту бойынша Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шараларын талқылады.
5 Қараша 2026, 21:50
Депутаттар еліміздің қаржы секторын дамыту бойынша Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шараларын талқылады. Отырысқа Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева, жауапты мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.
Отырыста комитет төрағасы Ольга Перепечина Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асырудың тиімді тетіктерін бірлесіп әзірлеукеректігін, сондай-ақ тиісті заңнамалық шараларды уақтылы қабылдау қажеттігін атап өтті.
28 қазанда Мемлекет басшысы алдымызда елдің қаржы секторын одан әрі дамыту бойынша бірқатар басымдықты белгілеп берді. Бұл қатарда банктердің бизнесті ұзақ мерзімді несиелеуге қатысуын жандандыру, капитал нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және дамыту, бірыңғай ұлттық қаржы экожүйесін қалыптастыру, қаржылық тәртіпті нығайту, сондай-ақ бюджет-салық саясатын жетілдіру бар, – деді Ольга Перепечина.
Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева Президент биылғы Жолдауында экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың жаңа моделіне көшуді қамтамасыз ету бойынша айрықша маңызды міндет қойғанын, соған сәйкес жинақталған барлық қаржы ресурстары экономиканың нақты секторын дамыту үшін белсенді пайдаланылуы керекекенін айтты.
Бұл ретте Мемлекет басшысы қаржы ресурстарын ұлғайтып қана қоймай, оларды инвестицияға, өндіріске және жаңа жұмыс орындарына әртараптандыру бойынша тиімді тетіктер құру міндетін қойды. Осы жүйеде капитал нарығының рөлі ерекше. Президент капитал нарығының мүмкіндігін едәуір кеңейту және жекеменшік кәсіпорындарды биржалық құралдарды белсенді пайдалануға ынталандыру қажеттілігіне баса назар аударды,-деді вице-спикер.
Дания Еспаева бүгінгі таңда отандық қорнарығы көлемінің одан әрі өсуі экономикаға нақты инвестициялардың ұлғаюымен қатар жүруі маңызды екенін атап өтті. Сондықтан әзірленіп жатқан «Капитал нарығы туралы»заңға қойылатын негізгі талап – нарықтық инфрақұрылымды формальды дамытудан ұзақ мерзімді инвестиция тартудың пәрменді тетіктерін құруға көшу екенін айтты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, 2003 жылғы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңның орнына келетін жаңа заң жобасын дайындау кезінде Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының қағидаттары және инвесторларды қорғауға, нарықты теріс пайдалануға қарсы іс-қимылға және есеп айырысуларды ұйымдастыруға арналған еуропалық тәсілдер ескерілді.
Заң жобасында бағалы қағаздар нарығы, туынды қаржы құралдары мен цифрлық қаржы активтері үшін жалпы қағидалар нақтыланды. Ол сондай-ақ мәмілелер бойынша сауда-саттықты, клирингті және есеп айырысуларды қамтамасыз ететін ұйымдардың функцияларын айқындайды. Бұған қоса, бағалы қағаздарды шығару рәсімі оңайлатылады, эмитент құжаттарды Орталық депозитарийдің бірыңғай терезесі арқылы ұсына алады. Нарықта бұрыннан бар компаниялар үшін оңайлатылған және негіздемелік проспектілер қарастырылған. Атап айтқанда, негіздемелік проспект облигациялық бағдарламаның жалпы шарттарын бір рет бекітуге және кейінгі шығарылымдарды тезірек орналастыруға мүмкіндік береді. Заң жобасын Құрылтайға биыл желтоқсанда енгізу жоспарланып отыр, – деді Мәдина Әбілқасымова.
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев капитал нарығында бизнес пен жеке инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейту туралы ұсыныстар берді. Атап айтқанда, ол эмитенттердің даму ауқымы мен кезеңдерінескере отырып, KASE және AIX базасында мамандандырылған сегменттер құру есебінен компаниялардың қор нарығына қолжетімділігін кеңейтуді, сондай-ақ қазақстандық жеке компаниялардың акцияларына инвестиция салатын азаматтар үшін жеке табыс салығыбойынша салық жеңілдіктерін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, сарапшы активтерді тәуелсіз басқару институтын және тәуекелдерді басқару құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Ысқақова капитал нарығындағы реформалар шеңберінде жаһандық инвесторлар үшін түсінікті реттеуші ортаны қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл Қазақстанда құрылымы мен өнім желісі бойынша ETF халықаралық тәжірибесіне сәйкес келетін және тек индекстік инвестициялаумен шектелмеген биржалық инвестициялық қорларды құруға жол ашады. Ол Ислам инвестициялық қорларын іске қосу үшін жағдай жасау қажеттігіне де тоқталды.
Отырыста Құрылтай депутаттары қаржы секторын одан әрі дамытуға қатысты пікірлерін ортаға салды, баяндамаларда айтылған мәселелерді талқылады.
Жиын соңында комитет төрағасы Ольга Перепечина жауапты мемлекеттік органдарға барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, Құрылтайдың қарауына «Капитал нарығы туралы» заң жобасын уақтылы енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, капитал нарығын дамыту және бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша қосымша бастамалар ұсыну қажеттігін айтты. Ол сонымен бірге қаржы ұйымдары мен бизнес-қоғамдастықты салалық комитетке инвестициялық қорлар туралы заң жобаларына қатысты, соның ішінде бірыңғай қаржылық экожүйені қалыптастыру бойынша ұсыныстар жолдауға шақырды.
Ольга Перепечина атап өткендей, жақын арада Құрылтайға Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы келіп түсуі тиіс. Осы құжатты талқылау Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің ірі дәулет иелері үшін жоғары мөлшерлеме енгізу, сондай-ақ қайшылықтарды жою және кәсіпкерлерге артық салық жүктемесін азайту жөніндегі ұсыныстарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Ең оқылған:
- Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады
- Астанадағы «ЦОН» аумағы қоршауға алынып, адамдар шұғыл сыртқа шығарылды: Не болды?
- Ұрпаққа қалатын құнды мұра: Президент «Халықтық құрылыс» туралы айтты
- Әлемдік білім рейтингінде Қазақстан нешінші орында? Оқушыларымыздың қай көрсеткіші таңғалдырды?
- «Жаңа тарихи кезең басталды»: Құрылтай қазақстандықтарға үндеу жасады