Құрылтай сайлауы: Қай өңірде сайлаушы көп, қай өңірде аз?

Құрылтай сайлауы қарсаңында елдегі сайлаушылар саны нақтыланды. Қай өңір көш бастап, қай облыста дауыс беруші ең аз екені белгілі болды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 3 Тамыз 2026, 12:15
3 Тамыз 2026, 12:15
170
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

2026 жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 12 605 788 сайлаушы тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінде көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірлер арасында сайлаушылар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 1 329 251 адам дауыс беру құқығына ие. Одан кейін Түркістан облысы – 1 204 659, Алматы облысы – 1 042 987 және Астана қаласы – 1 014 817 сайлаушы тіркелген.

Ал сайлаушылар саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 138 362 адам дауыс бере алады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында – 365 161, Абай облысында – 402 408, Атырау облысында – 428 127, Жетісу облысында – 443 220 сайлаушы бар.

Қалған өңірлер бойынша көрсеткіштер мынадай:

Маңғыстау облысы – 457 775;
Батыс Қазақстан облысы – 450 544;
Шығыс Қазақстан облысы – 485 873;
Қызылорда облысы – 500 591;
Павлодар облысы – 503 051;
Ақмола облысы – 518 548;
Қостанай облысы – 540 179;
Ақтөбе облысы – 578 019;
Шымкент қаласы – 713 491;
Жамбыл облысы – 730 236;
Қарағанды облысы – 758 489.

Тағы оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы-2026: Бас прокуратура сайлауалды үгіт-насихат ережелерін еске салды 

Наверх