Құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайтынына сенемін –Тоқаев

16 Маусым 2022, 15:45
1685
Бөлісу:
Құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайтынына сенемін –Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. 

Құрылтай атына затына сай болып, ел үмітін ақтайтынына сенемін. Бізде түрлі пікірталас орындары бар. Бірақ ұлттық құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек. Отырыстарды мұқият ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жерде шын мәнінде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың ашылуында сөйлеген сөзінде. 

Айта кетерлігі, құрылтай құрамына  депутаттар  мен ҚХА мүшелері, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдері, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер сынды барлығы 117 адам кіріп отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Жаңа Қазақстанды құру жолында тарихи қадамның киелі жерден басталуы – жақсы ырым екендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы