«Құрметті Тоқаев құда, Ғиният құдағи». ДДҰ басшысы Астанадағы жиында сөз сөйледі

23 Қазан 2023, 11:57
6845
Бөлісу:
«Құрметті Тоқаев құда, Ғиният құдағи». ДДҰ басшысы Астанадағы жиында сөз сөйледі
Фото: Ақорда

Елордада МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына және ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша жаһандық конференцияның ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаһандық конференцияның ашылуында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус сөз сөйледі.

Ерекше сәлемдескен ұйым директоры Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жетістіктеріне тоқталып өтті.

Қазақстан 2009-2020 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласының тиімділігі индексінде өз нәтижесін жақсартты. Яғни индексте 39-орыннан 72-орынға шықты. Бұл нәтижелер кейбір Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Он жылдағы нәтижелер іс жүзінде екі есеге өсті. Сондай-ақ Қазақстан қысқа мерзімде өмір сүру ұзақтығының артуы тұрғысынан ең жақсы көрсеткіштерге жетті, - деді Тедрос Гебрейесус.

Еске сала кетейік, ауқымды жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы ат басын бұрып, ДДҰ аясында МСАК бойынша мемлекеттер одағын құруды ұсынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы