Құрманғазыда бекіре және тұқы тұқымдас балық түрлерін тоғанда өсіру жоспарланып отыр

15 Қараша 2022, 16:03
1354
Бөлісу:
Құрманғазыда бекіре және тұқы тұқымдас балық түрлерін тоғанда өсіру жоспарланып отыр

Құрманғазы ауданында балық шаруашылығын дамыту бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 3 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың жалпы құны 3 млрд 950 млн теңге. Оның ішініде 608 млн теңге шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен шықса, 3 млрд 342 млн теңге қаржы институттары арқылы тартылмақшы. Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді. 

Бағдарламаның негізгі бағыты – тоғанда балық өсіру және заманауи  балық өңдейтін цех салу. Инвестициялық жобалардың қуаты жылына 1220 тонна балық және балық өнімдерін өндіру. Жоғарыда аталған инвестициялық жобалардың бірі – Болат Абдуловтың шаруа қожалығында жүргізіледі деп күтілуде.

«Абдулов Б» шаруа қожалығы Құрманғазы ауданы  Шортанбай ауылдық  округінде орналасқан Қиғаш өзені бойында бекіре және тұқы тұқымдас балық түрлерін Ресейден алып, тоғанда өсіруді жоспарлап отыр. 

Несие көлемі шешімін тапқан жағдайда,жұмысты бастаймыз. Жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды, оның 8 млн теңгесі өз қаражат есебімнен болса, қалған 242 млн теңге қаржы институттары арқылы тартылады деп көзделуде,- деді Б.Абдолов.

Қазіргі уақытта балық өсіретін екі тоған орыны дайындалып, іргесін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ балық сақтайтын жиналмалы бір мұздатқыш орнатылуда.

Өзгелердің жаңалығы