Құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді

12 Тамыз 2022, 19:27
2026
Бөлісу:
Құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді

Өңірде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қаралып жатқан істердің статистикасы көңіл көншітпейді. Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Әсем Шәукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 85-тен астам іс келіп түсті, 79-ы қаралды. Оның ішінде 25-і медиативтік рәсімдерді қолдана отырып тоқтатылды.

Судья барлық істердің арасында әдепсіз тіл тигізу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру сияқты әрекеттер басым екенін атап өтті. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК – нің 73-2-бабы бойынша ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау бойынша істер қаралады.

Егер адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар жағдайында заңсыз әрекеттер жасаса, сот оған ескерту жасайды. Заңның осы нормаларын қайталап бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік айыппұл және қамауға алу қарастырылған. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдарда сот отбасылық бюджетті сақтау үшін айыппұл мен материалдық жаза қолданбауға тырысады. Негізінен жазалау шарасы қамауға алу және ескерту түрінде тағайындалады. Ұрып-соғу және денсаулыққа орташа зиян келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, сот жол-көлік оқиғалар бойынша көлікті мас күйінде басқару, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, ұсақ бұзақылық жасауға байланысты істер қаралады, – деп түсіндірді Әсем Шәукенова.

Ол соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларына қатысты істер қаралымы артқанын атап өтті.

Негізінен көлікті мас күйінде басқарудың көптеген фактілері кездеседі. Заңсыз әрекет қайталанған жағдайда қылмыстық жаза енгізіледі. Өңір тұрғындары мен басқа өңір көліктерімен жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Бұл жағдайда камералар жақсы көмектеседі. Менің ойымша, әр жүргізушіде өзін-өзі қорғау үшін бейнебақылау түсіру құрылғысы болуы керек. Менің тәжірибемде жол ережесін бұзған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдар жазаланды. Бұл жағдайда кінәліге 20 күнге дейін қамауға алу, ал егер ол заңсыз әрекетті қайталаса, бірнеше тәулікке қамауға алу тағайындалады, - дейді судья.

Ол жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік жазаны қылмыстық жазаға ауыстыру туралы мәселе көтеріліп жатқанын алға тартты.

Мас күйінде көлік жүргізгендер және қайталап заң бұзғандар қатаң жаза алуы керек. Рөлге бөгде адамды отырғызғаны үшін жүргізуші де жауапкершілік қарастырылған. Бізде 4 құрама сот жұмыс істейді, кейде күніне 25 іс қаралады. Дүкен, асхана ашу кезінде жер мәселелері, атом энергетикасы, СЭС қорытындысының болмауына байланысты даулы істер келіп түседі, – дейді маман.

Ол атап өткендей, жол-көлік оқиғасында бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар болса, айыппұл 50 АЕК-ке алмастырылады.

Мысалы, мынадай іс қаралды: жүргізуші үлкен көлікпен дүкенге жүк түсіріп жатып, байқамай жеңіл көлікті қағып кеткен. Судья оны құқығынан айырмауды шешті. Өйткені жүргізуші бұл жағдайда жұмыссыз қалады және отбасы табыс көзінен айырылады. Оның басқа көлікке әдейі зиян келтірмегенін ескеріп 30%-ға дейін төмендетілген айыппұл тағайындалды. Заңға енгізілген өзгерістер басқа жол ережелеріне де әсер етті. Мәселен, қарсы жолаққа шыққаны үшін бұрын бір жылға, қазір 6 айға құқығынан айыру жазасы қолданылған, – дейді Әсем Болатқызы.

Оның айтуынша, алимент төлемейтіндер 669-бап бойынша да жауапқа тартылады.

Парадокс мынада: жауапсыз ададмар алимент бойынша қарыздарын жабу үшін ақшаны тез табады, төлем жасамағаны үшін жаза ретінде 5 күнге қамауға алынса дейміз. Көп жағдайда сот орындаушылары әлеуметтік қызметтермен бірге алимент төлемейтіндерді жұмысқа орналастыруға тырысады. Ал олар жұмыс істеуден бас тартады. Айта кету керек, биыл кәмелетке толмағандарға қатысты бірде-бір іс қаралған жоқ. Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемесіне жіберген жеке кәсіпкер ғана жауапқа тартылды. Жасөспірімдердің заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда ата-аналарға жаза қолданылады,– деп атап өтті судья.

Маман «БАҚ туралы» Заң, атап айтқанда блогерлік қызмет жетілдіруді талап етеді деп санайды.

Кейбіреулер әлеуметтік желілерде біржақты ақпарат береді. Адамдарғажала жабады, оның жеке басының қадір-қасиетін қорлайды және ешқандай жаза алмайды. Осы ретте сотта бірнеше іс қаралды. Бірақ олардың барлығы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. 73-баптың 3-тармағында көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жасалған жалған ақпарат тарату жала жабу саналады. Мысалы, әлеуметтік желілердегі бизнес-қоғамдастық топтарының бірінде кәсіпкер қызмет көрсету туралы жарнама берген. Ал екінші адам басқаларға оның келісімшарт талаптарын сақтамайтынын ескерткісі келетінін жазады. Белгілі болғандай, жарнама беруші шынымен сенімсіз болып шықты. Оның арам пиғылы туралы айтқан адам өз сөзін құжаттармен растады. Бұл жағдайда оның ескертуі жала деп саналмайды. Жала жапқаны үшін 200 АЕК дейін айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған, - деп түсіндірді Әсем Шәукенова.

Ол тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру маңызды екенін айтады.

Құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді. Азаматтар құқықтарын біліп, өздерінің заңды мүдделерін сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға соттардың құқық қорғау және мемлекеттік органдармен халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізуі ықпал етеді, - дейді судья.

Өзгелердің жаңалығы